Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцинаның үш түрі қолжетімді

Опубликовано:

Екпе
Екпе. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният сенат кулуарында Қазақстанда коронавирусқа қарсы қанша вакцина бар екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ажар Ғиният бүгінде Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинаның үш түрі барын айтты.

"700 мыңға жуық вакцина дозасы бар. Бұл – Sinopharm, QazVac және Pfizer. Бізге Словакиядан Pfizer вакциналарына гуманитарлық көмек келді және біз екпе алғысы келетін барлық азаматқа мүмкіндік береміз. Екпе алу жүргізілуде, шамамен күн сайын 2-3 мың адам қайта екпе алуда", – деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Бұған дейін елімізде коронавирустың жаңа штамының анықталғаны хабарланған болатын. Соңғы зерттеу нәтижелері бойынша республикада "Омикрон" BQ.1.1 штамм нұсқасының (Cerberus) циркуляциясы белгіленді.

Ажар Ғиният бүгін атап өткендей, "Цербер" – "Омикронға" ұқсас штамм, жеңіл өтетінімен ерекшеленеді. Оның айтуынша, ауру көбіне асимптоматикалық түрде өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1999942-qazaqstandyqtarga-koronavirusqa-qarsy-vakcinanyn-us-turi-qolzetimdi/

pixel