Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дерматолог жаңа жылға дейін бет терісін қалай қалпына келтіруге болатынын айтты

Опубликовано:

Бет терісінің күтімі. Көрнекі сурет
Бет терісінің күтімі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаңа жылға дейін уақыт жақындаған сайын, әйел адамдар бет күтіміне де көп көңіл бөле бастайтыны анық. Осы орайда мерекеге дейін бет терісін қалай қалпына келтіруге болады деген сауал туындайды. Белгілі дерматолог-дәрігер Елена Мошкова аталған сұраққа жауап берді, деп жазады Москва 24.

Дерматологтың сөзінше, тері тонусын қалпына келтіру үшін, массаж, гигиеналық тазарту және биоревитализация нәтижесі бар пилингті қолданса болады.

"Сондай-ақ бет терісі мен мойын терісін ылғалдандырып, тегістеудің ең тиімді тәсілдерінің бірі – биоревитализация мен мезотерапия жасау. Күтімге арналған препараттар құрамына кіретін гиалурондық қышқыл теріні жұмсартып қана қоймай, беттегі болмашы әжімдерді де кетіреді. Ал құрамында артишок, рутин және мелилот экстрактісі бар препараттар беттегі ісікті қайтарады", – дейді Елена Мошкова.

Маманның айтуынша, көптеген инъекциялық коктейльде дәрумендер, лидокаин мен өсімдік экстрактілері бар. Сол себепті олар аллергия беруі мүмкін, сондай-ақ инъекциядан кейін теріде аздап көгерген іздер қалуы мүмкін.

Сондықтан дерматолог-дәрігер жаңа жыл сияқты маңызды мереке қарсаңында күрделі косметологиялық процедураларды жасаудан бас тартуға кеңес береді.

Мәселен, оларға орташа және терең пилинг, теріні фракционды жаңарту, лазер арқылы бетке әр беру және т.б. жатады. Елена Мошкованың сөзінше, аталған әдістер тиімді болғанымен, терінің одан кейінгі қалпына келу уақыты 14-21 күнге дейін созылуы мүмкін. Яғни осы процедуралардан кейін тері ісіп немесе қызарып, қабыршақтанып түсуі ықтимал.

Дәрігер сонымен қатар қыс мезгілінде үй жағдайында да тері күтіміне баса мән берген жөн екенін айтады. Мәселен, үй жағдайында терінің қабыршықтанып түсіп, жаңаруына ықпал ететін бет күтіміне арналған құралдардың, гоммаж мен пилинг әдісінің пайдасы мол дейді дерматолог.

"Қыста міндетті түрде қыз-келіншектер теріні ылғалдандыратын әрі оған нәр беретін кремдерді пайдалануы тиіс. Бұдан бөлек, құрамында пантенолы бар препараттарды қолдануға болады. Кремді тіпті маска ретінде де қолдансаңыз болады, мысалы кремді қалыңдап жағып, 15-20 минут күтіңіз, кейін крем қалдықтарын құрғақ салфеткамен сүртіп тастаңыз", – дейді Елена Мошкова. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2000619-dermatolog-zana-zylga-deiin-bet-terisin-qalai-qalai-qalpyna-keltiruge-bolatynyn-aitty/

pixel