Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аралас және суперинфекция бар": Денсаулық сақтау министрі елдегі эпиджағдай туралы айтты

Опубликовано:

ПТР тестілеу
Көрнекі фото: Nicolas Economou/NurPhoto via Getty Images

Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният қазақстандықтардың қазір қандай вирустармен бетпе-бет келгенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ажар Ғинияттың айтуынша, қазір Қазақстанда коронавирустың "омикрон" штамы және "омикронның" басқа түрлері, оның ішінде "Цербер" штамы да айналымда жүр.

Тұмаудың үш түрі қатар жүруде, оның ішінде шошқа тұмауы мен аденовирус бар.

"Вирустың барлық түрі тіркеледі, аралас инфекция мен суперинфекция бар екенін көріп отырмыз. Вирустар бір-бірімен қабаттасып кеткендіктен вирустық инфекция ауыр өтеді", – деді министр.

Қорғаныс үшін ол қазақстандықтарды тұмау мен КВИ-ға қарсы екпе алуға шақырды.

"Мен қазан айында тұмауға қарсы екпе алғанмын. Коронавирус инфекциясына қарсы да екпе алдым. Байланыс көп екенін ескеріп, аймақтарды аралаймын, әсіресе ұшақта өзімді қорғауға тырысамын, барлық жерде бетперде киемін" – деп түйіндеді ол.

Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жарияланған ресми статистикаға сәйкес, бүгін, 21 желтоқсанда елімізде 2234 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Стационарда 311 науқас, ал амбулаторлық емделуде 1923 науқас жатыр.

Еске салайық, Қазақстанда желтоқсан айының басында "Цербер" штаммы анықталған болатын. Бұл ретте Қазақстанда өткен тәулікте 259 КВИ оқиғасы, ал 20 желтоқсанда 182 жағдай, 19 желтоқсан күні 139 жағдай анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2002452-aralas-zane-superinfekciya-bar-densaulyq-saqtau-ministrliginin-bassysy-epidemiologiyalyq-zagdai-turaly-aitty/