Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дененің өздігінен көгеріп қалуының себебі неде

Опубликовано:

жараланған қол
Жараланған қол. Көрнекі фото: pixabay.com

Флеболог-дәрігер, медицина ғылымының кандидаты Владислав Орлов "Мәскеу 24" басылымына берген сұхбатында дененің өздігінен көгеріп қалу себептерін атады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дәрігердің сөзінше, дененің өздігінен көгеріп қалуы С, К және Р дәрумендер тобының жетіспеушілігінен болуы мүмкін.

Сонымен қатар маман дененің өздігінен көгеріп қалуына аспирин, антикоагулянт және гормоналды препараттарды қабылдауда әсер ететінін айтады.

Владислав Орловтың айтуынша, өздігінен көгеру қауіпті ауру — лейкемияның белгісі де болуы мүмкін.

"Онкологияның бұл түрінде тромбоциттердің жетіспеушілігі байқалып, қанның ұйығыштық қасиеті бұзылады", — дейді дәрігер.

Сондай-ақ маман ауыр салмақты көтеру жаттығуларынан кейін де денеде көгерулер пайда болуы мүмкін екенін атап өтті.

"Бұлшықеттерге қатты салмақ түсіру бұлшықет тінінің микроскопиялық жыртылуына әкеп соғуы және жақын тамырларға әсер етуі мүмкін. Салдарынан денеде қанталау пайда болады. Әдетте мұндай көгерулер жаттығу кезінде емес, келесі күні пайда болып жатады", - дейді Владислав Орлов.

Десе де, дәрігер егер дене жиі және оңай көгеретін болса, онда терапевтке жүгіну қажет екенін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2002681-denenin-kogerip-qalu-sebebi-belgili-boldy/

pixel