Қазақстанда үш айда 2 миллионнан астам адам ЖРВИ-мен ауырған
Опубликовано:

ОКҚ-де өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Қазақстанда 1 қазанда эпидемиялық маусымы басталған тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанушылық статистикасын баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Республикада тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялармен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалды. 1 қазанда басталған эпидемияның басынан бері санитарлық қызметтің мәліметінше, 2 миллион 100 мыңнан астам ЖРВИ-мен сырқаттанушылық жағдайы тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 1 млн 370 мың", – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник.
Ол Қазақстанда 6,6 миллион бала бар екенін еске салды: оның 3,3 миллионы 5 жасқа дейінгі сәбилер болса, тағы 3,3 миллионы мектеп оқушылары.
Науқастар арасында қоздырғышты зерттегеннен кейін, вице-министрдің айтуынша, еліміздің барлық аймақтарында В вирусының, яғни тұмаудың айналымы анықталған.
"Суық тию ауруы өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен 10 пайызға жоғары", – деп қосты Дудник.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2002847-us-aida-2-millionnan-astam-qazaqstandyq-zrvi-men-auyrdy/