Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас санитар халық көп жүретін жерде маска тағу керектігін тағы ескертті

Опубликовано:

Айжан Есмағамбетова
Айжан Есмағамбетова. Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова адам көп жиналған жерлерде маска тағып жүру керектігін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астанада COVID-19 коронавирустық инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ таралуының алдын алу шаралары мен эпидемиологиялық жағдай мәселелер бойынша отырыс өтті.

"Республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Тәулігіне COVID-19 бойынша ПТРдің оң нәтижелі 300-ге дейін жағдайы және ПТР-дің теріс нәтижелі 40-қа дейін жағдайы тіркеледі, науқастардың 99%-ы сауығып кетті", - деді Айжан Есмағамбетова.

Соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылар саны 3% - ға өскен.

Сонымен қатар 12 өңірде (Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Абай, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекция таралуының өскенін көрсетеді.

Осыған байланысты, Есмағамбетова R көрсеткішін 1-ден жоғары тіркеу кезінде БМСДҚ-ға сәйкес халық көп жиналатын жерлерде бетперде тағу ұсынылатынын еске салды.

Қазіргі уақытта ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалады, осылайша, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 20%-ға өсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2002950-bas-sanitar-xalyq-kop-zuretin-zerde-maska-tagyp-zuru-kerektigin-tagy-eskertti/

pixel