Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорқыныш пен үрейге әкеледі": дәрігер ұйықтар алдында телефон қараудың ерекше зиян екенін ескертті

Опубликовано:

Смартфон жарығы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Эндокринолог дәрігер Махаббат Ибрагим ұйықтар алдында телефон қараудың қаншалықты қауіпті екенін айтты. Бұл туралы "Хабар" арнасындағы "Оян" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Гарвард зерттеушілері телефонның жарығы балаға ғана емес, ересектерге де зиян деген шешімге келді. Телефонды жатқан күйінде қарай беруге болмайды. Себебі оның жарығы біздің миымызға кері әсерін береді. Бұл сіздің миыңызда бөлініп жатқан ұйқы гормонын бұзып тастайды. Ұйқыға жатардан бұрын үш сағат бойы телефонды ұшу режиміне қойған дұрыс.

Егер сіз ертеңгі эфирге дайындалатын тележүргізуші, президенттің қасында жүретін көмекшісі немесе жансақтау бөлімінде жүретін дәрігер болмасаңыз, тезірек жатып, ұйықтаңыз. Телефондағы өсекті қарай берудің жөні жоқ. Телефонды шектен тыс пайдаланып, әлеуметтік желіге байланып қалу сізді жүйке ауруына алып келеді. Ғалымдар телефонды, желіні көп пайдалану қорқыныш пен үрейге әкелетінін дәлелдеп тастаған", - дейді эндокринолог маман.

Сондай-ақ Махаббат Ибрагим түнгі ұйқының ерекше маңызы бар екенін атап өтті.

"Түнгі ұйқының маңызы өте зор. Кішкентай балалар 22:00-де, ересектер 23:00-де ұйқыға кетуі тиіс. Себебі түнде өте қажетті гормондар бөлінеді. Бұл гормон денеңіздегі жарамсыз жасушаларды шығарып, сынған жасушаларды қалыпқа келтірумен айналысады. Сонымен қатар аталған гормонның май ыдырататын қызметі де бар. Арықтағысы келетін қыздарға осыны ескерткім келеді", - дейді дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2003512-qorqynys-pen-ureige-akeledi-dariger-uiyqtar-aldynda-telefon-qaraudyn-qansalyqty-ziyan-ekenin-aitty/

pixel