Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесі хабарсыз кетті": Қызылордалық әйел ерекше дертке шалдыққан төрт жасар ұлын емдету үшін елден көмек сұрады

Опубликовано:

қызылордалық төрт жасар Азамат Мейрамбек
Азамат Мейрамбек. Фото: Отбасының жеке мұрағатынан

Қызылордалық жалғызбасты келіншек ұлы Азамат Мейрамбектің Грузияда алатын еміне қажетті соманы жинау үшін халықтан көмек сұрайды. Төрт жастағы бүлдіршінге бірнеше диагноз қойылған. Анасының сөзінше, баласының психикасының дамуында тежелу бары бір жарым жасында байқалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айсұлу қазіргі таңда науқас ұлымен ауылдан Қызылорда қаласына жалдамалы пәтерге көшіп келген.

Дәрігерлер балаға аутизм, психикалық дамуындағы тежелу, сөйлеудің жалпы дамымауы, зейін тапшылығының гипербелсенділігінің бұзылуы сынды бірнеше диагноз қойып отыр.

"1,5 жастан бастап баламның психикалық дамуында тежелу барын байқадық. Невропатологтың қабылдауынан соң сол диагноз қойылып, 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап екі жылға мүгедектігі бар балалар қатарына енді. Қазіргі таңда екеуіміз Қызылорда қаласында жалдамалы пәтерде тұрамыз. Жалғыз қалдым, әкесі хабарсыз кетті. Мен баламен үйде жұмыссыз отырмын. Баланың жәрдемақысын төлеп, қаладағы ақылы коррекциялық орталықтарға апарамын", - дейді ол.

Төрт жастағы Азаматтың зейіні, есте сақтау қабілеті дамымаған, сөйлей алмайды.

"Атын атаса қарамайды, тынымсыз жүгіреді де жүреді, өте белсенді. Ұйқысы аз, тұрақсыз. Тамақты дұрыс ішпейді. Көп тағамды жемей қояды", - дейді Айсұлу.

Оның айтуынша, Азамат бірнеше рет отандық оңалту орталықтарында ем қабылдаған, алайда одан нәтиже көрмеген.

"Астанадағы оңалту орталығында бір курс емге бардық. Ташкентке үш рет емге бардық. Нәтиже баяу. Бар тілегіміз - бұйыртып, халықтан қаржы жиналса, Грузияда дің жасушаларын трансплантациялау отасын жасату. Осы жылдың шілде айына кезекке жазылдық" - дейді Азаматтың анасы.

Баласының қатарға қосылып кетуінен үмітін үзбеген ана мейірімді жандардан қаржылай көмек сұрап отыр.

"Көп түкірсе - көл демекші, мейірімді жандар қол ұшын берсе, 9 млн теңге жинауымыз керек", - дейді ана.

Азаматтың кішкентай інісі бар, бірақ ол ауылдағы нағашы әжесінің қолында өсіп жатыр. Айсұлудың сөзінше, Азаматты қаладағы инклюзив топтары бар балабақшалар орын жоқ деп қабылдамай отыр.

"Осы баланы уайымдап, ұстамам ұстап, ауырып қалатын болдым. Амал жоқ, бір Аллаға тапсырып, балам үшін облыс орталығында ем алатын жер көп деп қалаға көшіп келдік", - дейді келіншек.

Азаматтың еміне қаржылай көмек берем деген жандар үшін төменде реквизиттер берілген:

Реквизиттер:

Halyk bank:

KZ 166010002037996616

Kaspi Gold:

+7 705 809 67 18

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2012370-akesi-xabarsyz-ketti-qyzylordalyq-aiel-erekse-dertke-saldyqqan-tort-zasar-ulyn-emdetu-usin-elden-komek-surady/

pixel