Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қол жұмсауға дейін барады": маман депрессияның алғашқы белгілерін атады

Жарияланған күні:

Күйзеліс
Күйзеліс. Фото: pexels.com

Көп жағдайда адамның күйзеліспен ауырып жүргенінен жақындары бейхабар болады. Психоанализ зерттеушісі күйзелісте жүрген адамның бірнеше белгісін атады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мамандардың айтуынша, науқастың жағдайы созылмалы ауыр сырқаттан өлімге дейін ұласуы мүмкін. 

"Материалдық мақсат жолында жүрген адам жылдар бойы жанына көңіл бөлмеуі мүмкін. Ең басты белгісі – адам оқшаулана бастайды. 30 жастан кейін адамның травмасы бәрібір шығады. Әрине, бәрі бірдей депрессияға түседі деп айта алмаймыз.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, адамның алты жасқа дейінгі өміріне, ішкі өзегіне байланысты. Әсіресе, жеткіншек кезеңінде балалық травмалардың қатты байқалатын тұсы. Сондай сәттерде айналасынан қолдау болмаса, көбі өзіне қол жұмсауға дейін барады", - деді психотерапевт Жұлдыз Төлеу.

Сонымен қатар маман депрессияда жүрген адам жиі аурушаң болып, өлім жайлы жиі айта бастайтынын мәлім етті. Осындай сәттерде айналасындағы жақындары қолдау білдіріп, кәсіби маман көмегіне жүгінуге ықпал еткен дұрыс.

"Жиі ауырып қала берсе де күйзелістің бір түрі саналады. Адамның өзі саналы түрде шешім қамбылдамайынша, психологиялық көмек әсер ете алмайды.

Маған көмек сұрап келетіндердің көбі – студенттер, өмірден өзінің орынын таба алмай, өлім мен өмірдің арасында жүргендер. Келетіндердің 60 пайызы әйелдер болса, 40 пайызы ерлер. Ерлер көбіне күйзелісін ойынқұмарлықпен, ішімдікпен басып келген болса, қазір маманның көмегіне жүгінетіндер де көбейіп келеді", – дейді Жұлдыз Төлеу. 

"Халық үні" сайтының мәліметінше, Қазақстанда депрессиямен ауыратындар саны 4,4 пайызды құрайды. Бұл – шамамен 800 мың адам. Ал 2019 жылғы ДДҰ деректеріне сүйенсек, Қазақстан әлем елдері арасында суицид бойынша үшінші орында тұрғаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2027091-qol-zumsauga-deiin-barady-maman-depressiyanyn-algasqy-belgilerin-atady/