Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автобус бір топ адамды қаққан оқиға: зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Жарияланған күні:

Ауруханада тұрған дәрігер. Көрнекі сурет
Ауруханада тұрған дәрігер. Көрнекі сурет. Фото: Angel Garcia/Bloomberg via Getty Images

Алматылық дәрігерлер жолаушылар автобусы бір топ адамды қағып кеткен оқиға кезінде зардап шеккендердің жағдайын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарына қарағанда, 24 желтоқсанда науқастардың бірі - 50 жастағы әйел жансақтау бөлімінен көпжарақат бөлімшесіне ауыстырылған. Оның бірнеше жері сынған.

"Автобус жүргізушісі, 36 жастағы келіншек нейрохирургия бөлімінде емделуде, оған мидың жабық жарақаты диагнозы қойылған. Ми жарақатынан бөлек, беттің жұмсақ тіндері көгерген. Жағдайы тұрақты. Ем алып жатыр", - деп хабарлады басқарма өкілдері.

Сондай-ақ 55 жастағы ер адамға мидың жабық жарақаты диагнозы қойылған. Оның миына зақым келген, желке аймағының жұмсақ тіндерінің, бастың жұмсақ тіндерінің жарақаты бар, мойынның байламдық аппараты созылған. Ол нейрохирургия бөлімінде емделіп жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты деп отыр.

Ведомстводағылар пациенттер барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде алатынын хабарлады.

Алматыдағы автобус апаты

Еске салайық, 22 желтоқсанда Алматыда №7 аурухана маңында автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып өткені хабарланған еді. Кейін қалалық ПД өкілдері оқиғаның жай-жапсарын айтты.

Оқиғадан 7 адам зардап шеккен, олардың үшеуі жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қаза болған. Төрт адам ауруханаға жатқызылған. Олардың ішінде 15 жастағы бала бары айтылады.

Сонымен қатар жүргізуші әйелді ұрған жолаушыға қатысты екі бап бойынша іс тіркелгені хабарланды. Ол қамауға алынған. Кейін автобус адамдарды қағып өткен сәттің видеосы жарияланды. Одан кейін желіде апат кезінде автобус салонында болған жағдай көрсетілген ролик тарап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2052436-avtobus-bir-top-adamdy-qaqqan-oqiga-zardap-sekkenderdin-zagdaiy-aityldy/