jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодарда ер адам толғағы қысқан әйелін өзі босандырып алды

    Сәбидің аяғы
    Сәби. Көрнекі фото: pixabay.com

    Павлодар қаласының тұрғыны жедел-жәрдем қызметкерлері келгенше 23 жастағы әйелін босандырып алған. Бұл туралы "ИРБИС TV" медиа-порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "103" баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоңырау келіп түскен кезде босанған әйелдің мекенжайына медициналық бригада жіберілген.

    10 минуттың ішінде келген дәрігерлер жас ананы күйеуі босандырып алғанын анықтады. Дүниеге қыз бала келген.

    "Кіндігін кесіп, емдеп, жас босанған әйел мен баласын Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткіздік. Біз мұндай қоңырауларға 15 минут ішінде жетуіміз керек, бірақ соңғы жылдары біз үшін 7-8 минут қалыпты болып барады", - дейді дәрігерлер.

    Еске салсақ осыған ұқсас оқиға Екібастұзда болған еді. Ер адам толғағы қысқан әйелін үйде өзі босандырып алды.

    Әйел жүктіліктің 41-аптасында болған. Жедел жәрдем бригадасы шақыртудан соң тоғыз минуттан кейін жеткен.

    Павлодарда ер адам толғағы қысқан әйелін өзі босандырып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.