Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда троллейбус аялдамаға соғылды: зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды

Жарияланған күні:

Аурухана дәлізіндегі науқас кереуеті
Аурухана іші. Көрнекі фото: pexels.com

Алматы денсаулық сақтау басқармасы өкілдері аялдамаға соғылған троллейбус салдарынан зардап шеккен адамның жағдайы туралы айтты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Науқас №7 қалалық ауруханаға жеткізілді. Тексерулерден кейін пациент тұрғылықты жеріндегі емханаға амбулаторлық ем алуға жіберілді", - деп хабарлады NUR.KZ тілшісіне денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Еске салсақ, Алматыда троллейбус жүргізушісі тізгінді игере алмай, аялдамаға соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші зардап шеккен еді.

Жол апатының видеосы krisp_almaty Instagram аккаунтында жарияланды. Видеоға жазылған жазбада троллейбус аялдамаға және жақын маңда тұрған жаяу жүргіншіге соғылғаны атап өтілген.

KAZ.NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жол апатының болғанын растады. Апат Алмалы ауданында болғаны атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2149477-almatyda-trolleibus-aialdamaga-sogyldy-zardap-shekken-adamnyng-zhagdaiy-belgili-boldy/