Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да жол апатынан полицей мен оның әйелі қаза тапты: балалардың жағдайы белгілі болды

Жарияланған күні:

Аурухана төсегінде жатқан бала
Аурухана төсегінде жатқан бала. Көрнекі фото: getty/stock photo

Дәрігерлер өткен аптада Батыс Қазақстандағы тас жолда төрт адамның өмірін қиған апаттан зардап шеккен екі баланың жағдайын айтты. Полицей мен оның әйелі қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, 24 тамыз күні сағат 08.20-да Чапаево - Жалпақтал - Казталовка тасжолында Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан төрт адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жеткізілді, оның екеуі кәмелетке толмағандар.

Кейін қаза тапқандардың арасында полицей мен оның әйелі бар екені белгілі болды. Марқұм Қаратөбе аудандық ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Марлен Қарабаев болған. Ол 42 жаста еді.

Порталдың мәліметінше, сол күні екі бала зардап шекті - 10 жастағы бала санитарлық авиациямен облыстық көпсалалы ауруханаға жөнелтілді. Кейін екінші бала Оралдағы ауруханаға жатқызылды - ол 8 жаста.

Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бір баланың жағдайы ауыр деп бағаланып, ол жансақтау бөлімінде жатыр. Екінші бала нейрохирургия бөлімінде жатыр, жағдайы орташа ауыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2154616-bqo-da-zhol-apatynan-politsei-men-onyng-aieli-koz-zhumdy-balalardyng-zhagdaiy-turaly-belgili-boldy/