Коронавирус қайтадан өрши ме: министр жауап берді
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірлескен палаталар отырысында елдегі коронавирусқа қатысты жағдайға тоқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Министр әзірге дабыл қағатындай жағдай емес екенін, десек те министрлік шара қабылдап жатқанын айтты.
"Коронавирус инфекциясына қатысты бүгінгі ахуал туралы айтсақ, тоғыз адам коронавирус инфекциясымен ауруханаға жатқызылды. Жыл басынан бері қайғылы жайтпен аяқталған жағдай тіркелген жоқ", - деді министр.
Бірақ коронавирус жұқтырғандар тіркеліп жатқанын жасырмады.
"Иә, ауырғандар тіркеліп жатыр. Бірақ жалпы жағдай қалыпты шекте. Бірақ дайындықсыз отыра алмаймыз. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі, бас санитар дәрігер тиісті шаралар қабылдады. Біз медицина ұйымдарының қызметкерлерінің арасында күшейтілген маска режимін енгіздік. Өйткені бірінші кезекте медициналық қызметкерлердің өзін қорғауымыз керек", - деді Ақмарал Әлназарова.
- "Сұраныс түскен жоқ": министр отандық QazVAC вакцинасы қаншалықты сұранысқа ие екенін айтты
- Қазақстанның екі министрлігінде қызылшаға байланысты бетперде тағу режимі енгізілді
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/coronavirus/2156211-koronavirus-qaitadan-orshi-me-ministr-zhauap-berdi/