Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Әлемде ковидтің жаңа түрі XEC тарай бастады: аурудың белгілері қандай

Жарияланған күні:

COVID-19-ға тест тапсыру орталығы
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Ғалымдар COVID-19 вирусының XEC деп аталатын жаңа түрі бүкіл әлемге тарай бастағанын ескертеді. Олардың сөзінше, коронавирустың бұл түрі аурудың негізгі түріне айналуы мүмкін.

Бұл нұсқа алғаш рет Германияда биыл маусымда табылды, кейін Ұлыбританияда, АҚШ-та, Данияда және басқа да бірқатар елде XEC тіркелді, дейді американдық ғалым және Скриппс зерттеу институтының директоры Эрик Топол X желісіндегі парақшасында.

Ғалым "XEC жаңа ғана басталып жатыр" деп жазады. "Бұл бірнеше апта мен айдан кейін ол шынымен күшейеді", - деді Топол LA Times газетіне.

"XEC негізгі ковид түріне айналуы мүмкін. Бірақ бірнеше айдан кейін қарқынды таралуы ықтимал", - дейді Тополь.

Дегенмен ғалымдар қолданыстағы вакциналар адам денсаулығы үшін аса ауыр зардаптардың алдын алуға көмектесуі керек деп есептейді.

Фармацевтика өнеркәсібі коронавирусқа қарсы вакциналарды үнемі жаңартып отырады және оларды әлі жаңа нұсқаға бейімдеген жоқ. Бірақ бұл қазіргі вакциналар оған қарсы жұмыс істемейді дегенді білдірмейді.

Лондон университеттік колледжі Генетика институтының жетекшісі, профессор Франсуа Балу BBC-ге XEC-тің алдыңғы нұсқаларға қарағанда "таралу жағынан артықшылығы" бар, бірақ қолданыстағы вакциналар әлі де одан жақсы қорғануға мүмкіндік береді деп мәлімдеген.

Аурудың белгілері қандай

Ковидтің жаңа нұсқасының белгілері бұрынғылардан қатты ерекшеленбейді. Дене қызуының көтерілуі, денедегі ауырсыну, шаршау, жөтел немесе тамақ ауруы мүмкін.

Көптеген адам бірнеше апта ішінде сауығып кетеді, бірақ кейбіреулер үшін ауру ұзаққа созылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, коронавирус басталғалы бері 2024 жылғы маусым соңына дейін ауру жұқтырған 775 миллионнан астам адам тіркелген және 7 миллионнан астам науқас көз жұмған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, мамыр соңынан маусым айының соңына дейін Ковид жұқтырған 135 мың адам тіркелді. Сонымен қатар осы уақыт ішінде қайтыс болғандар саны 2 мың адамнан асқан, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 3 пайызға аз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2162151-alemde-kovidting-zhanga-turi-xec-tarai-bastady-belgileri-qandai/