Алматыда 29 жастағы қыз роликтен құлап мүгедек болып қала жаздады
Жарияланған күні:
29 жастағы алматылық роликтен құлап, ауыр жарақат алып, Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Бұл жөнінде медициналық мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Дәрігерлердің сөзінше, пациентке "омыртқаның жабық жарақаты" диагнозы қойылған. Науқастың жұлынына зақым келгендіктен, аяқ-қолы функциясының қызметі бұзылып, қозғалысы шектелген. Жас қызға мүгедек болып қалу қаупі төнген. Бірақ нейрохирург дәрігерлердің, реаниматолог-анестезиологтардың, реабилитологтардың, психологтардың мультидисциплинарлық топтың бірлескен жұмысының және кәсібилігінің арқасында төсекке таңылып қалу қаупі сейілген.
Қыз шұғыл түрде нейрохирургиялық жұлын бөлімшесіне жатқызылған. Омыртқаға жоғары деңгейде күрделі операция жасалғаннан кейін, оңалтудан өту үшін нейрореабилитация бөлімшесіне ауыстырылған.
"Қыз бөлімшеге келіп түскен кезде кереуетте аунап, қозғалуы қиындық туғызды, өз бетінше отыра да алмады.
Пациентті мультидисциплинарлық топ тексергеннен кейін, оған жеке оңалту бағдарламасы жасалды: тігінен тұрғызу, күніне 50 минуттан жеке кинезиотерапия, велоқұрылғыда механикалық терапия, жүріс имитаторында механикалық терапия, аяғына массаж жасалды және магниттік терапия берілді, аяқтың белгілі бір бұлшық еттеріне электрлік ширату емі қолданылды, сондай-ақ психолог маманның кеңесі берілді", - деді №7 ҚКА-ның оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Айнұр Жиренбаева.
Дәрігердің айтуынша, пациент әр қадамы үшін күрескен.
"Емдеу курсы аяқталғанннан кейін пациент керуетте өз бетінше қозғалып, отыра алатын дәрежеге жетті, аяқ бұлшық еттеріне күш бітті. Қыз өз бетінше жүре бастады, әрі қарай дәлізде туысқандарының барынша қолдауымен жүре бастады", - делінген қалалық клиникалық аурухана хабарламасында.
Ол әрі қарай оңалтудың 3-кезеңін жалғастыру үшін мекенжайы бойынша емханаға жіберілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2162875-almatyda-29-zhastagy-qyz-rolikten-qulap-mugedek-bolyp-qala-zhazdady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.