Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте дәрігерлер инсультті жасанды интеллект арқылы анықтауға көшті (видео)

Жарияланған күні:

Дәрігерлер инсультті жасанды интеллект арқылы анықтап жатыр
Дәрігерлер инсультті жасанды интеллект арқылы анықтап жатыр. Скриншот: youtube.com/@tv24kz

Шымкенттегі медициналық ұйымдардың бірінде дәрігерлер инсульт белгілерін жасанды интеллект арқылы анықтайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24.kz телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша, жаңа жүйе Қазақстанда құрастырылған. Ақылды бағдарлама компьютерлік томография аппараты арқылы жұмыс істейді. Ол жедел-жәрдеммен жеткізілген науқастардың талдау қорытындысына сараптама жасап, инсульт белгілерін анықтауға қолданылады. Осылайша аурудың алғашқы сатысында нақты шешім қабылдауға болады. 

Дәрігерлердің айтуынша, алғашқы 3 сағатта компьютерлік томография немесе МРТ-ға түсірген кезде инсульт белгілері көрінбеуі мүмкін. Ал осы жасанды интеллект инсульттің басталғанын бірінші секундтан бастап компьютерлік томографияда түгел көрсетіп береді.

Аурухана дәрігерлері де онлайн жүйені тез меңгеріп алған. Жасанды интеллектінің қорытындысы смартфон қосымшасына жүктеліп, хабарлама береді. 

Биыл ауруханада жасанды интеллектінің шешімінен соң 40 адамға операция жасалған. Ұйыған қанның ошағы дер кезінде анықталып, тамырдағы түйін тарқады. Нәтижесінде науқастар қалыпты өмірге оралып, аз күнде аяққа тұрған. 

"Жасанды интеллект мидағы цитатостатикалық ісінуді көріп, оң жағы немесе сол жағы мидың екіжақты полушариясын салыстырып сол жерде мидың қанмен қамтамасыз ету бұзылысын анықтап береді. Бізге аспект шкаласымен көрсетіп беретін болса біз оны дереу түрде операцияға аламыз", - деді рентгенхирургиялық емдеу әдістері бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Қарабаев.

Ақылды бағдарламалық құралды қазақстандық ІТ мамандар мен нейрорадиологтар жасап шығарған. Елдегі біршама медициналық ұйымда сәтті қолданысқа енгізілді. Алдағы уақытта жергілікті дәрігерлер жасанды интеллектінің өзге де мүмкіндіктерін пайдалануға ниеттеніп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2164665-shymkentte-darigerler-insultti-zhasandy-intellekt-arqyly-anyqtauga-koshti-video/