Қарағандыда бет сүйегі зақымданған балаға айрықша ота жасалды
Жарияланған күні:
Қарағандыда дәрігерлер жол апаты салдарынан бет пен мұрын сүйегі зақымдалған балаға күрделі отаны сәтті жүргізді. Бұл туралы облыстық көпсалалы балалар ауруханасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Аурухана ақпаратынша, бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды.
"Жағдайы тұрақталғаннан кейін мұндай операцияны алғаш рет облыстық көпсалалы балалар ауруханасының қабырғасында титан тақтайшалары арқылы жасау туралы шешім қабылданды. Бұрын мұндай балаларға отаны елордалық емханалар мен республикалық орталықтар жасайтын", - деп хабарлады мекеме өкілдері.
Отаны ЛОР дәрігерлері мен нейрохирургтар Мақажанов атындағы клиниканың жақ-бет хирургымен бірлесіп жүргізді. Дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында ота асқынусыз сәтті өтті. Қазіргі уақытта бала қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2164938-qaragandyda-bet-suiegi-zaqymdangan-balaga-airyqsha-ota-zhasaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.