Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы дәмханадағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Жарияланған күні:

Жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанадағы дәмханалардың бірінде газ баллонының жарылуы салдарынан алты адам зардап шекті. Олардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 28 қыркүйекте газ баллонының жарылуы салдарынан дәмхананың алты қызметкері зардап шекті. Алты ер адамды жедел жәрдем бригадасы №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізіп, оларды арнайы мамандар тексерді.

"Төртеуі бет пен дененің термиялық күйіктерімен, әртүрлі дәрежедегі күйік шокымен келді. Олардың екеуі жанған заттан уланған. Төртеуі де № 1 политравма, эндопротездеу және комбустиология орталығына жатқызылды", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы өкілі.

Зардап шеккен екі адам 3 және 5 пайыздық термиялық күйікпен келіп түсті. Тиісті нұсқаулықтар беріліп, амбулаториялық емдеуге жіберілді.

Еске салсақ, Астананың Алматы ауданындағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2167158-astanadagy-damhanadagy-zharylystan-zardap-shekkenderding-zhagdaiy-belgili-boldy/