Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында үшем дүниеге келді

Жарияланған күні:

Арай Ерғалиева Атырау облысында үшем туды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Құрманғазы ауданының тұрғыны Арай Ерғалиева үшемді дүниеге әкелді. Нәрестелерді үшеуі де ұл бала, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сәбилердің салмағы 2500-2700 грамм аралығында.

"Балаларға Нұрислам, Нұриман, Нұрмұхамбет деп ат қойдық. Отбасымызға осындай қуаныш сыйлаған келінімізге көп рақмет. Үйде оларды күтіп отырған үлкен әжесі мен екі бауыры бар", - деді үшемнің атасы Исбергенов Салық.

Арай Ерғалиева Атырау облысында үшем туды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Нәрестелерді үйге шығару рәсіміне облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев пен облыстық перинаталдық орталық директоры Қазбек Ермағамбетов қатысты.

Арай Ерғалиева Атырау облысында үшем туды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

"Орталықта 2024 жылғы 25 қыркүйекте үшем дүние есігін ашты. Осы уақытқа дейін анасы мен балалары дәрігерлердің бақылауында болды. Денсаулық жағдайлары жақсы", - деді Қ.Ермағамбетов.

Арай Ерғалиева Атырау облысында үшем туды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері нәрестелерге балалар арбасын сыйға тартты

Арай Ерғалиева Атырау облысында үшем туды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста екінші рет үшем туылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2168889-atyrau-oblysynda-ushem-duniege-keldi/