Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қонаевта дәрігерлер әйелден салмағы 4 келі жатыр миомасын алып тастады

Жарияланған күні:

Ота
Ота. Фото: КІАҒЗИ баспасөз қызметі

Қонаев қаласындағы 35 жастағы әйел гемоглобиннің өте төмен деңгейімен ауыр жағдайда қалалық көпбейінді ауруханаға түсті. Дәрігерлер әйелден салмағы 4 килограмм болатын жатыр миомасын анықтаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, шұғыл емдеуге жатқызғаннан кейін дәрігерлер хирургиялық араласуды – лапаротомия мен консервативті миомэктомияны сәтті жүргізіп, салмағы 4 килограмм миоманы алып тастаған.

Дәрегерлердің айтуынша, операция кезінде ағзаның өзін сақтай отырып, жатыр миомасының түйіндері алынып тасталады.

"Бұл диагнозды немқұрайлылықпен қабылдауға болмайды, өйткені жатыр миомасы ең көп таралған гинекологиялық аурулардың бірі болып саналады және үлкен мөлшерге жетуі мүмкін. Сонымен қатар клиникалық көрініс пациенттің жасына, аурудың ұзақтығына, ісіктің орналасуы мен мөлшеріне байланысты және жатырдан қан кету, анемия, созылмалы ауырсыну синдромы, көрші ағзалардың қысылу синдромымен көрінуі мүмкін, бұл көбіне жатыр миомасының көлемінің едәуір ұлғаюы кезінде кездеседі", - дейді пациенттің емдеуші дәрігері Әбдуәлиева Раушан Бекжанқызы.

Әйел қазіргі уақытта үйіне шығарылған.

"Жатырдың қабыну аурулары, гормоналды бұзылулар, аборттар, етеккірдің кеш басталуы, артық салмақ, дұрыс тамақтанбау, жүрек-қан тамырлары патологиясы бейімділік факторлары болуы мүмкін екенін айта кеткен жөн.

Көбіне ауру байқалмауы мүмкін. Осыған байланысты дәрігерлер мезгіл-мезгіл тексеруден өту, жағындыларды, соның ішінде цитологияны тапсыру, сондай-ақ ультрадыбыстық диагностикадан өту қажеттілігін еске салады. Сондай-ақ, дәрігерлер жылына кемінде бір рет жамбас, сүт бездерінің, қалқанша безінің ультрадыбыстық зерттеуін жасап, гинекологқа қаралуды ұсынады", - дейді дәрігерлер.

Емдеуге жатқызу, операция және емдеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының есебінен жүргізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2172385-qonaevta-darigerler-aielden-salmagy-4-keli-zhatyr-miomasyn-alyp-tastady/