Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысты: апаттан зардап шеккендер саны артты

Жарияланған күні:

Аурухана іші
Аурухана іші. Фото: NUR.KZ / Ардақ Ерубаева

Алматыда автобус пен тепловоздың соқтығысуы салдарынан зардап шеккендер саны жеті адамға жетті. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, қабырғасы мен білегі сынған 80 жастағы әйел Қалалық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылған. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр.

Зардап шеккен бес адам ауруханаға жатқызуды қажет етпеген. Олар амбулаторлық бақылауға жіберілді. Тағы бір науқас Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, бұл жол-көлік оқиғасы бүгін, 26 қарашада сағат 11:40-та Алмалы ауданында болған.

Жеке тасымалдаушыға тиесілі №88 бағыттағы автобус Әуезов көшесімен солтүстік бағытта Гоголь көшесінің солтүстігінде келе жатып, батысқа қарай темір жол бойымен келе жатқан тепловозға соқтығысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2192622-almatyda-avtobus-pen-teplovoz-soqtygysty-apattan-zardap-shekkender-sany-artty/