Павлодарлық дәрігер ұшақ бортында жағдайы нашарлап кеткен жолаушыға көмек көрсетті
Жарияланған күні:
Павлодарлық дәрігер Мұрат Сүлейменов ұшақ бортында жағдайы нашарлаған бір жолаушыға көмек көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 29 желтоқсанда Ташкенттен Астанаға ұшқан рейсте бір жолаушының жағдайы нашарлады. Осы уақытта ұшақ бортындағы павлодарлық анестезиолог-реаниматолог Мұрат Сүлейменов науқасқа дереу медициналық көмек көрсетті.
Қарағандылық блогер Денис Денский дәрігер досының науқас әйелге бір сағат күтім жасағанын Instagram-парақшасында жазған.
Экипаж өкілдері мен Мұрат Сүлейменовтің кәсіби жұмысы арқасында жолаушының жағдайы айтарлықтай жақсарды.
Министрлік мәліметінше, Мұрат Сүлейменов Павлодар теміржол ауруханасында анестезиолог болып істейді. Ол денсаулық сақтау саласында 28 жыл бойы жұмыс істеп келеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2206907-pavlodarlyq-dariger-tashkentten-astanaga-ushqan-ushaq-bortynda-nauqasqa-komek-korsetti/