Top.Mail.Ru

Зектілері

Қазақстан мектептерінде метапневмовирусқа байланысты шектеу енгізіле ме

Жарияланған күні:

Сынып ішіндегі оқушылар
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Үкіметте өткен брифингте оқу-ағарту министрі әлемде метапневмовирустың таралуына байланысты Қазақстан мектептерінде шектеу енгізіле ме деген сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Еліміздің білім беру жүйесі түрлі сынақтарға дайын екенін көрсетті. Бұл 2020 жылдағы індет кезінде жиналған тәжірибенің жемісі. Сол себепті колледждер мен мектептердің бәрі осындай жағдайға дайын болуға қажетті жабдықтармен толықтай қамтылған. Бірақ қазіргі жағдайға қатысты денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күту керек", - дейді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жауабына негізделеді.

"Жақында денсаулық сақтау министрлігі осы мәселеге қатысты жауабын берді. Министрлік ДДСҰ-ға сауал жолдаған. Ұйым бізге ғана емес, басқа да елдерге жауап берген. Ұйымдағылардың айтуынша, бұл вирус ондаған жылдар бойы таралып келе жатқандықтан, қатты үркудің қажеті жоқ, бірақ аурудың алдын алу шараларын ұмытпаған жөн. Біз де осы жауапқа сүйенеміз. Сол себепті вирустың кең таралу кезеңін бірге өткеруіміз керек", - дейді премьердің орынбасары.

Айта кетейік, жақында "СҚ-Фармация" Қазақстандағы қоймаларда жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының инфекциясын емдеуге арналған препараттардың қажетті қоры барын хабарлады.

Одан бөлек, мамандар метапневмовирус (hMPV) қаншалықты қауіпті екені туралы сауалдарға жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2209353-qazaqstan-mektepterinde-metapnevmovirusqa-bailanysty-shekteu-engizile-me/