Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар көк шайды зиян деп тапты

Опубликовано:

Бұрын айтылып жүрген көк шайдың пайдасы туралы пікірді американдық және испандық мамандар соңғы ғылыми ізденістері арқылы жоққа шығарып отыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Олар бір біріне қатысты емес зерттеу жүргізе отырып, бір ғана қорытындыға келген: егер күніне екі кеседен артық ішсе, көк шай денсаулыққа зиянды. Бұл туралы Independent news сайты хабарлады.

Мурси университеті жанындағы Джон Иннес орталығының (Испания) сарапшылары көк шай В9 витаминін (фолий қышқылы деп те атайды) сіңіруге мүмкіндік бермейді, деп санайды. Фолий қышқылы екіқабат кезде іштегі баланы туа бітті кеселдерден қорғауда үлкен рөл атқаратыны мәлім.

Америкалық Нью-Джерси университетінің зерттеушілері испандық әріптестерінің уәжін қолдай отырып, көк шайдың бауырға да зияны көп деген пікірін айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/240178-galymdar-kok-shajdy-ziyan-dep-tapty/

pixel