Көрікті жігіттердің иммунитеті мықты болады
Опубликовано:
Ерлердің сыртқы келбеті мен олардың иммунитеті арасында өзара байланыс бар. Финляндияның Турку университетінің ғалымдары сұлу жігіттердің жұқпалы ауруларға төзімді келетінін анықтады, деп жазады Алаш айнасы.
Бұл жөнінде The Daily Mail-ге сілтеме жасаған Segodnya.ua хабарлайды. Ғалымдар 52 латыш қызына В гепатитіне қарсы екпе жасап, олардың ағзасындағы антиденелердің (иммуноглобулин) бөлінуін бақылаған. Сонымен бірге қыздардың бойындағы күйзеліс көрсеткіші бола алатын кортизол деңгейін өлшеген.
Содан кейін олардың суретіне 18 гетеросексуал студент жігіт дауыс беріп, әдемілігін бағалады. Сынақтың нәтижесінде әйел адамдардың сыртқы келбеті мен иммундық реакциясы арасында байланыстың жоғы анықталды. Ал дәл осы сынақ ерлерге жүргізілген кезде керісінше нәтиже берді.
Қыздар сұлулығын жоғары бағалаған жігіттердің ағзасында антидененің өндірілу қарқыны күшті болып шықты. "Демек, сымбатты ер адамдар тұмау сияқты ауруларды сирек жұқтырады", – дейді ғалымдар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/264619-korikti-zhigitterdin-immuniteti-mykty-bolady/