Маса толық адамдарды жиі шағады

Опубликовано:

Қансорғыш жәндіктерді ең алдымен холестерин, сүт қышқылы және артық салмақ қызықтырады екен.

АҚШ-тың ауруларды бақылау орталығының ғалымдары масаларға жүргізген зерттеуін мәресіне жеткізді. Зерттеуге адамдардың әр-түрлі типтері тартылып, олар бірнеше күн бақылауда болған. Жұмыстың нәтижесінде, масалар зерттеуге қатысқандардың тек 20 пайызын ғана "дәмді" деп тауып шаққан көрінеді.

Айта кетейік, жәндіктердің таңдауы адамдардың әтіріне, шашының түсіне немесе қан құрамындағы қантқа байланысты емес. Белгілі болғандай, масалар ең алдымен толық, ірі денелі адамдарға үйір болады екен. Өйткені мұндай жандардан көмірқышқыл газы көп бөлінеді дейді мамандар.

Сонымен қатар, масалардың "ас мәзірінде" спортшылар да бар. Дене тәрбиесімен үздіксіз айналысатын адамдар сүт қышқылын көп бөледі. Ал, зерттеуге қатысқан адамдардың қалған 80 пайызының ағзасында масаларды үркітетін табиғи заттар мен иістер болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/267218-masa-tolyk-adamdardy-zhii-shagady/