Адамның миы жаңарып отырады екен
Опубликовано:
Ғылымда "адам миында нейрондар жаңармайды" деген тұжырым қалыптасқан болатын.
Бірақ Швецияның Каролинска институтының биологтері бұл теорияны теріске шығарып, ересек адам миында да жаңа жасушалар пайда болатынын дәлелдеді.
Meddaily.ru-дың хабарлауынша, ғалымдар мидың оқу мен есте сақтауға жауапты аймағында нейрондар санының өзгеретінін анықтаған. Демек, адам миы жаңарып отырады.
Бұрын "ми нейрондары саны бала кезде қанша болса, адам ержеткенде де сол күйі қалады" деген тұжырым берік қалыптасқан болатын.
Молекулатанушы биолог Кирсти Спалдинг жаңа жасушалардың пайда болуын радиоактивті "14" көміртегі изотопын ми жасушаларындағы "12" көміртегі изотопымен салғастыру әдісі арқылы дәлелдеді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/267329-adamnyn-miy-zhanaryp-otyrady-eken/