Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер аяғы ауыр аналарға тегін берілуі тиіс дәрумендерді жасырған

Опубликовано:

Аяғы ауыр аналарға дәрумендер тегін берілуі тиіс. Алайда, қаладағы кейбір емханалар оны пайда табу көзіне айналдырған.

Ал, жүкті әйелдер "тегін" деген мөр басылған дәрумендерді өз қаржысына сатып алуға мәжбүр.

Жадыра Байсемізова, екі сәбидің анасы. Қазір үшінші перзентіне аяғы ауыр. "Көтергелі бері тұрғылықты жерінде тіркеуде тұрған емханадан ешқандай дәрумен тегін алмадым", - дейді. Денсаулыққа қажет дүниесін ақшаға сатып алады екен.

"Бізге тиесілі витаминдер берілуге тиіс болатын болса, мен өз көзіммен көрген жоқпын. Ешқандай витаминдер берілмеді. Мен дәрігерімнен сұрадым, беріле ма, берілу керек қой деп, ол "бізге неположено, берілмейді",- деді. Фолевая кислота, йодомарин маған ешқандай витамин берген жоқ өз басыма", - дейді ол.

Ақ халаттылар мәселенің мән-жайын анықтап барған тілшілерге сұхбат берудің орнына, басын ала қашты.

Жатырдағы баланың дұрыс жетілуі мен ана денсаулығын қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін дәруменнің ағзаға тигізер пайдасы зор. Мамандардың айтуынша, аяғы ауыр келіншектерге дәрумендер тегін берілуі тиіс.

"Тізім бойынша сол дәрі-дәрмектер беріледі. Тағы тегін берілетін дәрі фолевая кислота дейміз. Ол баланың нерв жүйесінің дамуына әсер ететін витамин. Йодомарин деген дәрі бар йод тапшылығы кезінде берілетін дәрі-дәрмек. Осы санаулы дәрі-дәрмек екі қабат әйелдерге тегін берілуге міндетті. Болашақ аналарға тіркеуде тұрған мекемесінде, бұдан бөлек, "ультра дыбыстық зерттеу ақысыз жүргізіліп, түрлі анализдер тегін тексерілуі тиіс",- дейді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/275038-derigerler-ayagy-auyr-analarga-tegin-berilui-tiis-derumenderdi-zhasyrgan/

pixel