Томат тұздығы өмірді ұзартады
Опубликовано:
Барселона университетінің ғалымдары томат тұздығын өмірді ұзартатын өнімдер қатарына қосуды ұсынып отыр.
Олар бұл өнімнің мидағы қан айналымы жұмысын реттеп, ұстамалы жүрек ауруының алдын алатынын анықтады. The Daily Mail-дың хабарлауынша, ғалымдар зерттеген томат тұздығының құрамы қызанақ, зәйтүн майы, пияз бен сарымсақ қоспасы және жүгері ұнынан тұрады.
Ал химиялық-биологиялық құрамына келсек, онда антиоксидант бола алатын 40 полифенол бар. Жүрек пен қан айналымы жүйесін қышқылданудан сақтайтын заттар - осы.
Испан ғалымдарының айтуынша, дәл осындай қосындылардан тұратын қызанақ тұздығы адам ағзасы үшін аса пайдалы. Әсіресе ол жүрегі ауыратын науқастардың өмірін ұзарта алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/291532-tomat-tyzdygy-omirdi-yzartady/