Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамның денсаулығы мен мінез-құлқының арасында байланыс табылды

Опубликовано:

Мінез-құлқы мен ниеті жақсы адамдардың денсаулығы да мықты болып келеді, деп тұжырымдайды Дьюк Университетінің ғалымдары.

Он екі жыл жүргізілген зерттеу барысында олар емделушілердің мінез-құлқы мен денсаулық жағдайы бір-бірімен тікелей байланысты екенін дәлелдей алды. Тәжірибеге өз еркімен қатысушылардың жартысына жуығынан немқұрайлылық көрінді, сондай-ақ олардың арасында холестерин деңгейінің жоғарылауы, артериалды гипертензия және қызыл иектің аурулары сияқты дерттерге шалдығуы байқалды.

Бұл кезеңде "өз еркімен қатысушылардың" 18 пайызы мұндай ауруларға шағымданды.

Ғалымдардың пікірінше, қалыптасқан тұлғалар өздерінің өмірлік ұстанымдарына жауапты болып келеді.

Олар алкогольді ішімдіктерді ішпейді, темекі шекпейді және есірткіге де әуес болмайды. Әдетте мұндай адамдар белсенді өмір сүреді, денсаулықтарына немқұрайлы қарамайды.

Сондай-ақ IQ жоғары адамдар мен қызыққұмар адамдар да дені сау болып саналады. Себебі ғылым-білімге ұмтылатын бұндай адамдар ауруды болдырмауға ғана емес, сол аурудың алдын алып, дәрігерге де дер кезінде көрінеді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/307676-adamnyn-densaulygy-men-minez-kylkynyn-arasynda-bajlanys-tabyldy/

pixel