Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актовегин дәрісін пайдалануға қайтадан рұқсат берілді

Опубликовано:

Актовегин дәрісін пайдалануға қайтадан рұқсат берілді. Ақтөбеде өткен айда бірнеше емделуші дәрігер қабылдауынан соң көз жұмған болатын.

Барлығы бірдей аталған ерітіндіні көктамырынан қабылдаған соң, жағдай күрт өзгерген. Сондықтан негізі күдік актовегинге түскен болатын.

Артынша дәрілік заттарды сараптау орталығы құрамында ешқандай улы қоспа жоқтығын анықтапты.

"Бұл дәрінің құрамында ешқандай улы заттардың жоқтығы анықталды. Бұл дәрінің, актовегиннің сапасы халықаралық ұсыныстарға сәйкес. Қолдануға қауіпсіз екендігі туралы шешім шықты", - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Әсет Қалиев.

Еске салайық, өткен айда Ақтөбе қалалық емханаларының бірінде оқыс оқиға болды. 3 әйел дәрі қабылдағаннан кейін көз жұмды.

Тағы біреуі ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер о бастан-ақ бұл дәрінің ешқандай қаупі жоқ деген еді.

"Науқастардың кенеттен көз жұмуына байырғы дерттерінің меңдіп кетуі себеп болды", - деп санайды.

Мамырдың 11-інен бастап еліміздің барлық аймақтарында актовиген дәрісін пайдалануға қайта рұқсат берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/313278-aktovegin-derisin-pajdalanuga-kajtadan-ryksat-berildi/

pixel