Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақындарыңмен ұрсысу өмірді қысқартады

Опубликовано:

Серіктестермен, көршілермен, туыстармен және достармен жақсы қарым-қатынаста болу маңызды. Копенгаген Университетінің ғалымдары анықтағандай, қобалжулар мен шиеленістер өлімді жақындатуы мүмкін, деп жазады Росбалт.

2000-2011 жылдар арасында 9870 адамға жүргізілген тәжірибе бұл әсіресе ерлер мен жұмыссыз адамдар арасында өте өзекті екенін көрсетті. Зерттеу уақыты барысында әйелдердің 4%-ы және ерлердің 6%-ы қаза тапты.

Жалпы қатысушылардың 50%-ы қатерлі ісіктен көз жұмды.

Өлімнің өзге себептерінің арасында жүрек қан тамыр аурулары, бауыр дерттері, оқыс оқиғалар мен өзіне қол жұмсаулар болды. Әрбір оныншы адам оның серіктесі немесе балалары қобалжуға итермелейтінін айтқан.

6%-ы отбасы мүшелерімен ұрсысатынын, ал 2%-ы достарымен сөзге келіп қалатынын жеткізді.

Жалпы, уайымдайтын және әріптесінің қысымына тап болатындардың өмірі өзгелермен салыстырғанда екі есе көбірек қысқарады екен.

Мұндай жағдай балаларымен келіспегенде де кездеседі, яғни өлім қаупі 50% артқан.

Көршілермен ұрсысу қауіпті үш еседен астам ұлғайтқан. Жиі туындайтын келіспеушілік өлім қаупімен байланысты болған.

Жұмыссыз адамның өлім қаупі жұмысы бармен салыстырғанда шамамен 4,5 есе өседі екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/315457-zhakyndarynmen-yrsysu-omirdi-kyskartady/

pixel