Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ашығу иммундық жүйені қалпына келтіруге көмектеседі

Опубликовано:

Оңтүстік Калифорния университеті күтпеген зерттеулерін жариялады, деп хабарлады Росбалт. Бақсақ, 4 күннен аспайтын уақытпен кезеңдерге шектелмеген ашығу иммундық жүйені қалпына келтіретін көрінеді.

Адамдарда лейкоцит деңгейі артады. Ашығу әсіресе иммундық жүйесі әлсіреген, мысалға қатерлі ісікпен ауыратын адамдар үшін тиімді болады, деп хабарлайды Meddaily.

Сондай-ақ уақытша тамақтан бас тарту химиялық терапияның жағымсыз әсерлерін жояды. Ашығу кезінде денедегі дің жасушылары лейкоциттерді өндіріп, тұтастай алғанда бүкіл иммундық жүйеге күш-қуат береді.

Соның әсерінен ашығу жағдайында дене энергияны барынша сақтауға тырысады, бұл үдерістің жағымды жағы - адамдар ескі, әлсіз немесе зақымданған иммундық жасушалардан құтылады.

Бұдан бұрын мамандар ауру адамдардың ашығуына үзілді-кесілді қарсы шыққан болатын. Енді бәрі де басқаша өзгеріп отыр. Ашығу қатерлі ісікке ұшыраған адамдармен қатар қарт адамдарға да пайдалы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/316828-ashygu-immundyk-zhyjeni-kalpyna-keltiruge-komektesedi/

pixel