Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкөністер мен жемістерді тұтыну арықтауға көмектеспейді

Опубликовано:

Көкөністер мен жемістер денсаулыққа пайдалы болғанымен адамның салмағын азайтуына көмектеспейтіні мәлім болды.

Арықтау мен көкөністердің және жемістердің байланысын зерттеген Алабама штаты университетінің ғалымдары осындай шешімге келді. Бұл еңбек American Journal of Clinical Nutrition журналында жарияланды.

Әдетте артық салмақтан арылғысы келетіндерге жемістер мен көкөністерді көбірек пайдалануға кеңес беріледі.

Диетологтардың ұсынуынша, ол үшін күніне 1,5 - 2 порция жеміс пен 2-3 порция көкөніс пайдалану қажет. Ал Кэтрин Кайзер бастаған топ бұл кеңестің қаншалықты дұрыс екенін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды.

Оған шамамен 1200 адам қатысты. Нәтижесінде ол көкөністер мен жемістерді көбірек пайдаланудың адамның салмағына еш әсер етпейтінін аңғарған.

"Салмақты түсіру үшін калориясы аз тағамды пайдалану қажет. Алайда біздің зерттеуіміз бойынша көкөністер мен жемістерді пайдалану арықтауға көмектеспейді. Арықтау үшін жалпы тұтынатын тағамның мөлшерін азайтқан жөн", - дейді Кайзер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/319701-kokonister-men-zhemisterdi-tytynu-aryktauga-komektespejdi/

pixel