Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстанда шешек ауруына байланысты карантин жарияланды

Опубликовано:

Қойдан шешек ауруы шығуына байланысты Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Пятимар ауылдық округінде карантин жарияланды деп хабарлайды 24.kz.

Ауылдағы жеке шаруа қожалықтарының бірінің басшысы қойларының қолтығы мен аузына жара шыққанын айтып, жергілікті ветеринарларды шақыртады. 4-5 күнге созылған зертханалық жұмыс қожалықтағы қойлардың шешекке шалдыққанын анықтайды.

Пятимар ауылында бүгінге дейін осы аурудан екі қой өлген. Қазір 200 бастан астам мал оқшауланып тұр. Осы оқиғаға орай аудан әкімінің қаулысымен ауылдық округте карантин жарияланды.

Айта кетерлігі, бұл – малдан малға жұғатын ауру. Одан адамдарға келіп кетер ешқандай қауіп жоқ. Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Дархан Закарин залалсыздандыру мен ауырған малды емдеу жұмыстары ойдағыдай жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

"Аталған округ бойынша 2-3 шаруа қожалығы және ауылдық округтегі жеке бір адамның қойлары оқшауланып тұр. Барлығы – 206 бас. Бүгінде антибиотиктермен емдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы ауру басталғалы 2 қой шығыны болды. Ол шығындар талаптарға сай залалсыздандырылды", - дейді Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Дархан Закарин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/327384-batys-kazakstanda-sheshek-auruyna-bajlanysty-karantin-zhariyalandy/

pixel