Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балық майы темекіні тастауға көмектеседі

Опубликовано:

Құрамында Омега-3 қоспасы бар тағамдар темекі шегушілерді зиянды әдеттен арылуға көмектеседі. Ғалымдар майлы қышқылдарды тұтыну никотинге деген әуестікті төмендететінін айтып отыр.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Зерттеу барысында бір ай бойы Омега-3 капсуласын қабылдаған шылымқорлар темекі шегуді 11 пайызға азайтқан.

Зерттеуге жетекшілік еткен Израильдегі Хайфа Университетінің ғалымы, доктор Шарон Шенкар қазіргі уақыттағы пайдаланылып жүрген темекі шегуден бас тартуға жәрдемдесетін заттар мен препараттар аса тиімді еместігін, олар кейін қолайсыз салдарға соқтыруы мүмкін екенін атап өтті.

"Біздің зерттеу нәтижесі Омега-3 арзан әрі қауіпсіз тағамдық қоспа екенін анықтады. Сонымен бірге никотинге деген әуестікті елеулі төмендетеді", - деп мәлімдеді ғалым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/340418-balyk-majy-temekini-tastauga-komektesedi/

pixel