Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәретханада қол кептіргішті пайдалану денсаулыққа зиян екені анықталды

Опубликовано:

Британия ғалымдары қоғамдық дәретханаларда орнатылатын қол кептіргіштер ауаға микроб тарататынын айтып, дабыл қағып отыр.

Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.

Олар өз зерттеулерінің нәтижелерін Journal of Hospital Infection басылымында жариялап, Францияның Лион қаласында өткен жұқпалы дерттер халықаралық конференциясында халықтың назарына ұсынған.

Ғалымдардың айтуынша, дәретханадан шыққан адам қолын жуғаннан кейін қол кептіргішті пайдаланбай, сүлгіге сүрткені абзал. Себебі, кептіргіштен шыққан ыстық ауа бактерияларды қоздырып, ауа таралуына мүмкіндік туғызады.

Жалпы, мамандар 2 түрлі электр кептіргіш пен қағаз сүлгіні пайдалана отырып, 120 сынақ жүргізген. Тәжірибе кезінде электр кептіргішті пайдаланғандардың Lactobacillus бактериясын жұқтырғаны белгілі болған.

Сонымен қатар, ғалымдар дәлелдегеніндей, электр кептіргіш орнатылған дәретханаларда Lactobacillus бактериясы қозып, уақыт өткен сайын ауа ластана береді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/341984-derethanada-kol-keptirgishti-pajdalanu-densaulykka-ziyan-ekeni-anyktaldy/

pixel