Оралда құрамында есірткілік заттар бар дәрі шектеусіз сатылуда
Опубликовано:
Батыс Қазақстан облысында дәрігерлердің рұқсатымен ғана сатылуы тиіс дәрілер емін-еркін сатылып жатыр.
Бұл туралы аймақтағы есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мәлімдеді деп хабарлайды Астана арнасы.
Ел аумағында құрамында есірткі тектес кадеині бар препараттарды оңды-солды сатуға тыйым салынған. Мұндай дәрілерді қолданған адамның көңіл-күйі нашарлап, өмір сүруге қызығушылығы азаяды. Тіпті кейбірін тұрақты пайдаланғаннан адам ғұмыры бір жылдан аспайды деп отыр.
Сондықтан полицейлер бұл саланы бақылауға алып, берілер жазаны күшейту керектігін айтады.
"Қала мен облыс дәріханаларын тексеру барысында құрамында есірткі тектес заттар бар Тропикамид және Солпадеин секілді препараттардың еш шектеусіз сатылатынын анықтадық. Жиналған материалдар Әкімшілік кодекстің 426-бабы бойынша фармбақылау мекемесіне жіберілді", - дейді БҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Андрей Хлевин.
Сонымен қатар Хлевин пайданы көздеген фармацевттер министрліктің тыйымын аяқасты қылып, ештемеден тайынбай отқанын да атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/355987-oralda-kyramynda-esirtkilik-zattar-bar-deri-shekteusiz-satyluda/