Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрлі елдердегі жігіт сымбаттылығының стандарттары (фото)

Опубликовано:

Әр елде жігіттердің сымбаттылығы әрқалай бағаланады. Кей мемлекеттер нағыз көзтартарлық азаматтар сақал салып жүруі тиіс деп есептесе, тағы бірі жігіттердің нәзік болуын сымбаттылыққа жатқызады.

Назарларыңызға түрлі елдердегі ер сымбаттылығының эталондарын bigpicture.ru сайты ұсынады.

1. Австралия

Австралиядағы ең тартымды әртістердің фотоларына көз жүгіртсеңіз, оларда шыныққан бұлшық еттердің болуы сымбаттылықтың басты көрсеткіші екенін байқай аласыз.  Сондай-ақ австралиялық азаматтар косметологтар мен плаcтикалық оташылардың көмегіне жүгінуді ерсі қылық санамайды. Ринопластика, бетті тарттыру немесе құлақ пішінін түзету - құрлық жігіттері жиі жүгінетін хирургиялық қызметтердің бірі. Австралиялық ерлердің орташа бойы— 175 см.

2. Оңтүстік Корея

Кореяда, сонымен қатар Қытай мен Жапонияда ер сымбаттылығының үлгісі ретінде поп-жұлдыздар саналады. Бұл елдерде жігіттер косметика пайдаланудан әйелдерден кем түспейді. Ерін далабы, қасқа жағатын гель, тіпті BB-крем - корейлік азаматтардың күнделікті қолданатын косметикасы қатарында.  Корейліктер ұқыпты шаш үлгісінің болуын маңызды деп есептейді. Және сақалдың болуы тіптен құптамайды. Пластика жасау корейлік азаматтар үшін таңсық дүние емес.

3. Үндістан

Болливуд нағыз ерді сымбаттылық үлігісі ретінде ұсынуға қанша тырысқанымен, ерлерінің 65 пайызы косметикаға әуес. Ағартатын кремдер мен шаш күтіміне арналған косметика азаматтар арасында жоғары сұранысқа ие. Соңғы жылдар үнділік ерлер арасында шаш үлгісін қоюмен қатар, шашын өзге түстерге бояу да жиі көрініске айналған.

4. Ресей

Ресейде сымбаттылық пен шымырлық егіз ұғымға жатқызылады. Әйелдер күш-қайраты мен қоғамда нық орны жоқ азаматтарды сымбаттылар қатарынан сызып тастайды. Ер кісілер арасында парфюм мен қырынуға арналатын кремдер ғана сұраныста. Ал жігіттердің косметика қолдануы тіпті ерсі дүние деп саналады. Алайда соңғы уақытта Ресейде ерлерге арналған салондардың көптеп ашылуын байқауға болады.

5. Франция

Франция ерлері өздерін күтімде ұстап, стильді болуларымен әлем бойынша әйелдердің назарына іліккен. Олар шаш үлгісін қойып, аздап сақал жібереді. Тістерін ағартып, маникюр жасау оларда жиі көрініс табады. Француз азаматтары киімдер арасында аксессуарларға үлкен мән береді: мойынорағыштар, шыттар, қолғаптар, бас киім мен көзілдіріктер маңызды саналады.

6. Ұлыбритания

Егер Азия елдері аққұбалықты сымбаттылықтың басты өлшемі көрсе, Англияда керісінше ерлер өздерін қарайтып әлек. Сонымен қатар, азаматтар үшін сақал қою маңызды саналады. Мәселен аздап сақал өсіретін Дэвид Бекхэм, ағылшындық сымбаттылықтың беткеұстары саналады. Және бұл елде әрбір бесінші жігіт татуировка салуды жөн санайды.

7. Италия

"Костюм құйып қойғандай жарасуы керек" — бұл итальяндықтар үшін басты қағида. Қымбат матадан тігілген костюм мен жігіттік келбетін сақтай білу – Италия ерлерінің басты ерекшелігі.

8. АҚШ

Бұл елде метросексуалдарды ламберсексуалдар алмастырған. Ламберсексуалдар шыныққан бұлшық еттерімен, татуировкаға толы денесімен және сақалды болуымен көзге түседі. Олар көбіне тор көзді жейде мен тік джинсы киеді.

9. Бразилия

Бразилиялық ерлер әр ұлттың бір белгісін өзіне жинақтап алған. Бет-әлпеті қоңырқай, көздері ашық түсті, шаштары сарғыш болу – нағыз бразилиялық азаматқа тән сымбаттылық деп саналады. Бұл елде де ерлер мұрын, көз және еріндеріне пластикалық ота жасатқанды ерсі санамайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/757194-ar-elderde-zhigit-symbattylyghyn-bayqa/

pixel