Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғұламалар кеңесі құрамында этил спирті бар дәрі-дәрмекті қолдануға болады деген пәтуа шығарды

Опубликовано:

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Ғұламалар кеңесі құрамында этил спирті бар дәрі-дәрмекті қолдануға болады деген пәтуа шығарды деп хабарлайды 31 арна.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Ақмола облысында өтіп жатқан кеңес барысында бұған дейін бір жақты харам үкімі берілген спиртті қоспалар енді мақсатына қарай халал үкіміне ие болды.

Діни басқарманың баспасөз хабарламасына сай, спиртті ішімдік ретінде ішуге рұқсат етілмейді, ал дәрілік мақсатта пайдалануға болады.

Ол үшін арнайы сала мамандарының ңұсқауымен құрамында спирті бар дәрі-дәрмекті алмастыратын өзге баламасы табылмаса немесе науқастың оңалуына септігін тигізетін болса, ішуге рұқсат.

Құрамында спирті бар дәріні дененің сыртқы бөлігіне қолдануға да рұқсат. Бір ескеретін жайт, мұндай пәтуаны еліміздегі белгілі дінтанушылар мен ислам ғалымдары бірлесе отырып шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/767797-ghulamalar-kenhesi-quramynda-etil-spir/