Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күніне бір уыс жаңғақ тұтынған адамның өмір жасы ұзарады

Опубликовано:

Маастрихт университетінің ғалымдары бір уыс орман жаңғағы мен жержаңғақ адамды ерте өлімнен сақтайды деген тұжырымға келді, деп хабарлады Би-би-си.

Голландиядық  Маастрихт университетінің  ғалымдары 10 жыл зерттеу жүргізген. Оған 55-69 жас аралығындағы 120 мың адам қатысқан.

Зерттеу жаңғақ тұтыну мен жүрек-қан тамырлары аурулары арасында байланыс барын анықтады. Алдымен зерттеушілер жаңғақтың белгілі бір түрі мен бір аурудың арасындағы байланысты анықтаған.

Маастрихт зерттеушілері күніне 10 г орман жаңғағы немесе жержаңғақ жеген адамдардың 20 пайызы ерте өлім тәуекелін төмендететінін анықтады.

Әңгіме тек жаңғақ жайында, жержаңғақ майы құрамында тұздың және сутектендірілген майдың болуынан пайдалы өнімдер тізімінен алынып тасталған.

Жаңғақтарда моно-қанықпаған және поли-қанықпаған майлы қышқылдар, түрлі дәрумендер, өзек, антиоксидант, басқа да биологиялық белсенді қосылыстар бар.

Онжылдық зерттеу нәтижелері жаңғақ тұтынған адамдарда орын алатын обыр, сусамыр, респираторлық аурулар, сутектендірілген жүйке жүйесі  ауруларының алдын алып, ерте өлімнен сақтайтынын көрсетті.

Зерттеу басшысы профессор ван дер Брандт «Күніне небәрі 15 г жаңғақ жеу өлім тәуекелін төмендететіні таңғаларлық жағдай», - деді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/786740-kunine-bir-uys-zhanhghaq-tutynghan-adamny/