Дәрігерлер жүкті әйелдерге классикалық музыка тыңдаудың пайдалы екенін айтты
Опубликовано:
Павлодарлық дәрігерлер болашақ аналарға жүктілік кезінде классикалық әуен тыңдауға кеңес береді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
"Облыстық әйелдер консультациясында аналар мектебіне келетін нәзік жандылар классикалық әуендер тыңдап, психолог өткізетін түрлі тренингтерге қатысады", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айдар Сейітқазинов.
Ведомство ұсынған ақпаратқа сүйенсек, облыстың барлық алғашқы медициналық-санитарлық көмек беру ұйымдары мен перинаталдық орталықта, Екібастұз қаласының перзентханасында «Болашақ аналар мектебі» жұмыс істейді.
Мектептерде болашақ аналар үшін кестеге сәйкес аптасына бір-екі сабақ өткізіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/829816-darigerler-zhukti-ayelderge-klassika/