Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар: Бір қырынан жатып ұйықтау денсаулыққа пайдалы

Опубликовано:

Ғалымдардың айтуынша, егер адам бір бүйірімен қырынан жатып ұйықтайтын болса, оның миы тазарады, деп хабарлайды Здоровье.

Адам миында глимфатикалық жүйе бар, бұл арналар бойымен жұлын сұйықтығы ағады. Біз ұйықтап жатқанда бұл сұйықтық нейрондарды қалдық өнімдерден тазартады. Мұндай тазарту егер адам бір қырына қарап ұйықтаса, аса қарқынды жүреді.

Демек, бұлай ұйықтау ыңғайлы ғана емес, денсаулық үшін аса пайдалы, дейді Нью-Йорк штатының Стони-Брук университетінің ғалымдары.

Ал ми жасушаларының бұлайша тазаруы адамды Паркинскон және Альцгеймер ауруларынан қорғайды екен.

Себебі, ми тазарғанда адам ағзасы аталған ауруларды тудыратын тау-белоктар мен бета-амилоидтардан арылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/846642-ghalymdar-bir-qyrynan-zhatyp-uyyqtau-de/