RU

Келбетіне сәтсіз ота жасатқан танымал жұлдыздар (фото)

АҚШ-тың танымал әртісі Рене Зелльвегердің желіде тараған соңғы фотолары әлем жұртшылығының жағасын ұстатты. Бет-әлпетіне сәтсіз ота жасатқан әртісті көбісі танымай қалған.

Уақытты алдауға тырысамын деп опық жеп қалған жұлдыздар тізімін Bigpicture.ru сайты назарларыңызға ұсынады.

1. Рене Зелльвегер 2013 жылдың ақпанында және 2014 жылдың қазанында. (Фото: EastNews).

2. Daily Mail Тери Хэтчердің жаңа бет-әлпетін "уақыт ағымында қатып қалған" келбет деп атады. Жұлдызды соңғы рет кештердің бірінде көргендер Хэтчердің түрін көріп есеңгіреп қалған (Фото: Bulls /East News).

3. Меган Фокстың ботоксты пайдаланып жүргені туралы алғашқы ақпарат 2011 жылы тарап кеткен болатын. Ол кездері жұлдыз бұл жалған дегенге сендіре алған еді. Алайда 2014 жылы "Ниндзя-тасбақалар" фильмінің тұсаукесерінде оның жаңа түрі қызу пікірталас тудырды. Меган Фокс 2005 және 2014 жылдарда. (Фото: Bulls/Viennareport/Bauer-Griffin).

4. Донателла Версаче өзін осылай жасартқан. Оның 1998 жылғы және 2014 жылғы фотолары. (Фото: Bulls/AP).

5. Кортни Лавтың сұлу келбетінен тамтығы да қалмаған. (Фото: Bulls/PR Photos).

6. Николь Кидман 2013 жылы ботоксты пайдаланғанын ресми түрде растап, пластикалық отадан аулақ екеніне сендірді. Алайда ешқандай ота жасатпадым деп ақталған жұлдыздың жаңа келбеті бұл мәлімдемені теріске шығарып тұрғандай. Николь 1992 және 2014 жылдары. (Фото:East News).

7. Дэрил Ханна 2001 және 2014 жылдарда. (Фото: Bulls/PR Photos).

8. Микки Рурк әуесқой бокстан сымбатты келбетіне айтарлықтай зақым келгенін алға тартты. Азамат бұрынғы келбетін қайтару үшін оташының көмегіне жүгініп, одан бетер ұсқынсызға айналады. Микки Рурк 1991 және 2014 жылдар. (Фото: AP Photo/East News).

9. АҚШ супермоделі Дженис Дикинсон келбетіне ота жасату өмірінің мәніне айналғанын ашық айтатын. Ол тіпті әр отасын жалпақ жұртқа жария еткенді дұрыс санайтын жандардың бірі. Дженис Дикинсон 1978 жылы және 2014 жылы. (Фото: Vogue/Bulls).

10. Линдси Лохан 2004 және 2014 жылдары. Әртіс өзіне ота жасатқанын еш уақытта мойындаған емес. Алайда жұлдыздың өзгерген келбеті басқаша сөйлеп тұр. (Фото: PR Photos/AP).

11. АҚШ хип-хоп әншісі Lil’ Kim де отадан аулақпын деп сендіруде. Алайда салыстырмалы фотолар нағыз шындықты анық көрсеткен. Lil ‘Kim 2002 жылы және 2013 жылы. (Фото: East News/Bulls).

12. Ал «Твин Пикс» телехикаясымен танымал Лара Флинн Бойл болса, өзін осылайша "сұлуырақ" еткен. (Фото: East News).

13. Мелани Гриффит өзінің ота жастақанын қанша мойындамауға тырысқанымен, соңғы оталары оны танымастай өзгертіп жіберген. Мелани Гриффит 1987 және 2014 жылдары. (Фото: East News).

14. Мэг Райан 1998 және 2013 жылдары. (Фото: Bulls/East News).

15. Шердің 69 жаста екеніне сенесіз бе? Ол бұл отаның "өзін бақытты ететінін" жасырмайды. Шер 1966 және 2013 жылдары. (Фото: East News/Bulls).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/851841-kelbetine-satsiz-ota-zhasatqan-tanyma/