RU

Ресейде 22 күн бойы компьютерде үздіксіз ойын ойнаған жасөспірім көз жұмды

Башқұртстанда компьютер алдында үздіксіз 22 күн бойы отырған 17 жасар жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды ТАСС.

Оқиғаға қатысты тексеру жүргізілуде. Алдын ала анықталғандай, 8 тамыздан бері жасөспірім аяғын жарақаттап алуына байланысты үйде отырған. 30 тамызда есін жоғалтқан ол ауруханаға жатқызылған соң қайтыс болған.

Тергеушілер анықтағандай, Башқұртстан тұрғыны 2014 жылдан бері компьютерде ойын ойнауға 2 мың сағаттан артық уақытын сарп еткен. Ата-анасы үйде болмаған сәттері ол онлайн-ойындарды үздіксіз ойнап, тек ұйықтап алу үшін ғана үзіліс жасап отырған.

Жасөспірімнің өлім құшу себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Еске сала кетсек, жуырда осыған ұқсас қайғылы оқиға Қазақстанда да орын алған еді. Екібастұзда компьютер алдында бірнеше сағат отырған 14 жастағы қыз бала көз жұмды. Ауруханаға ес-түссіз күйінде жеткізілген қыз бала инсульттен қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/874549-reseyde-22-kun-boyy-kompyuterde-uzdiksi/