Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық оташы сүндеттен қалған дене бөліктерін белгісіз біреулер сатып алып жатқанын мәлімдеді

Опубликовано:

Жақында АҚШ-тың ғалымдары таңғаларлық жаңалық ашты. Балалардың жыныс мүшесінің ұштары қартаймайтын жасушалардан құралған. Сол себепті оны теріні жасартуда пайдалануға болады.

Бұл туралы "Экспресс К-ға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Сол арада Астанадағы оташы белгісіз біреулердің одан сүндеттен қалған қалдықтарды сатып алып жатқанын мәлімдеді.

"Бұған дейін біз кесіп алған ұштарын лақтырып жіберетінбіз. Алайда өткен жылы маған хабарласып, оны сатуды сұрады. Басты шарты - олар алып кеткенге дейін бұл бөлікті тоңазытқышта сақтауым керек. Бастапқыда мен, әрине бас тарттым. Алайда маған әр үлгі үшін 30 доллар беретінін айтқанда, бұл ақша артық болмас деп шештім", - дейді оташы.

Дәрігердің сатып алушылар оны не үшін пайдаланатынына өз болжамы да бар:

"Мен әдебиеттер оқыдым. Қазір Батыста премиум санатындағы косметика заттарын шығаратын зертханалар бар. Олар балалардың жыныс мүшесінің ұшында болатын фибробластарды пайдаланады. Фибробластардан жасалған лосьон бет әжімдерін кетіреді. Сол себепті кей адамдар бұл дене бөлшегі үшін айтарлықтай ақша төлеуге дайын", - дейді оташы.

Жақында АҚШ ғалымдары сүндеттен қалған бөлшектерде екі ДНҚ барын және бұл өз алдына сол дене бөлшегінің қартаймауына септік болатынын анықтады.

Сол арада фибробластардан косметика шығаратын компаниялар пайдаға кенеліп жүр. Жақпаның бір құтысы 10 мың доллар тұрса да, тез сатылып кетеді. Сатып алушылар арасында танымал тележүргізуші Опра Уинфри де бар екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/899269-astanalyq-otashy-sundetten-qalghan-den/

pixel