Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәтті сусындар адамның қартаюын тездетеді

Опубликовано:

Жуырда америкалық ғалымдар тәтті сусындарды зерттеу кезінде «Тәтті сусындар адамның қартаю процессін тездетеді, оның адам өміріне тигізетін кесірі спирттік сусындармен бірдей әрі сусын неғұрлым тәтті болған сайын, оның адам ағзасына зияны да көбірек» деген қорытындыға келді.

Тәтті сусынды көп тұтынған кезде адам денесіне екі бірдей қысым түседі екен. Мұның бірі, тәтті сусындар адам денесінің зат алмасуын бей-берекет күйге келтіріп, адамды тез семіртеді. Енді бірі, осындай сусындардың көбінің құрамындағы жасушаның қартаюын тездедеді.

Бұл қорытынды шамамен 5000 ерікті қатынасқан сынақ арқылы расталған, сынаққа ерікті қатынасушылардың жасы 20-65 жас аралығында болып, олардың зат алмасуы, жүрек және қан тамырларының қызметін зерттеген.  Ғалымдардың осынау сынақ жүргізу қорытындысында  үнемі тәтті сусын тұтыну адам денесіндегі жасушалардың қартаюын тездететінін дәлелденді.

Сондай-ақ, зерттеу нәтижесі бойынша, тәтті сусынды көп пайдаланатын адамдардың өмір сүру ұзақтығы 5 жылға азаяды дейді мамандар.

Айта кетейік, газды сусын мен тәтті сусын тұтынған адамдар мен темекі тартатын адамдардың өмір сүру ұзақтығы бірдей деген болжам да бар. Өйткені газды су тек қана ағза клеткаларын қартайтып қоймай, сонымен қатар жүрек ауруларына, қатерлі ісікке, диабетке шалдықтырады.

Сондай-ақ, кез келген газдалған сусын құрамында көмірқышқылы газ кездеседі. Ол сусынның ұзақ сақталуына ықпал етеді. Мұндай сусындар асқазан секрециясының қабынуына, ішек сөлінің пайда болуына, созылып, ішек ауруларының пайда болуына тікелей әсер етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/904699-tatti-susyndar-adamnynh-qartayuyn-tezd/