RU

Дәрігерлер көз қылилығын емдеудің отасыз әдісін ойлап тапты

Украиналық дәрігерлер көз қылилығын емдеудің әлемде жоқ әдісін ойлап тапты. Енді әрбір үшінші баланың көз жанарындағы ақауын отасыз жоюға болады деп хабарлайды 24.kz.

Мамандар қазір бұл инновацияны Қытайда да енгізуді жоспарлар отыр. Украинада көз қылилығынан жарты миллионға жуық адам азаптанып жүр. Мамандар бұл ауруды емдеудің әлемде жоқ әдісін ойлап тапты.

Тіпті әрбір үшінші науқас пышақ астына жатпай-ақ ем ала алады. Көз жанарындағы ақауды отасыз жоюдың бар сыры микропризмалық көзілдірікте екен.

«Алғашқы отада-ақ кінәратты жоюға мүмкіндік бар», - деп сендіреді дәрігерлер.

"Бұл технологиялар әлемде алғаш рет Украинада пайда болып отыр. Олардың тиімділігі өте жоғары. Көз қылилығын отасыз жасау деген офтальмология саласындағы эволюция десем, асыра айтқаным емес", - дейді Ақпаратты тіркеу проблемалары институтының директоры Вячеслав Петров.

Бүгінде бұл елде 50 млн-ға жуық бала көз қылилығынан зардап шегеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/925555-darigerler-koz-qylilyghyn-emdeudinh-op/