RU

Елімізде көздің көру қабілетін төмендететін көзілдіріктер көбейген

Қазақстанға көз жанарын құртатын, сырттан көлеңкелі жолмен келетін көзілдіріктер көбейіп кеткен.

Жұрт шетелдің сапасыз әрі арзан линзасына жүгінгендіктен, сапалы-прогрессивті көзәйнектерінің үлесі нарықта бар-жоғы 5 пайызды құрап отыр.

Бұл жайында "Медремзавод" компаниялар желісінің жетекшілері мәлім етті. Әр адамның көзіне арнайы шығарылмаған, жасалу технологиясы талапқа сай келмейтін линзалар жанарды жақсартпайды, керісінше уақыт өте келе науқастың көзі мүлдем көрмей қалуы мүмкін.

"Көздің қылилығын, астигматикалық, жоғары диоптикалық, бифокалді, алысты туралайтын линзалар шығару керек. Халық арзан отандық өнімге көшу керек",- деді  Мedremzavod компаниялар желісінің бас директоры Арыстанбек Жұмағұлов.

Жанарды жақсартуға арналған көзілдіріктер шығаратын аппараттар елімізде бар. Мамандар заңсыз сауда мен шикізатқа төленетін қосымша құн салығы реттелсе, сапалы көзілдірік үлесін 50 пайызға өсіруге болады деп түйді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/967178-elimizde-kozdinh-koru-qabiletin-tomen/